2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкіміне кандидат Еркебаев Ерлан Мырзабекович «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
Дата публикации
17 апреля 2024