Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №109 «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 83 438 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 19 370 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 63 568 мың теңге;
2) шығындар – 85 229,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 791,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 791,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 791,5 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.