Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №АСК-24/37 қаулысымен Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері шекарасында құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №АСК-24/38 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Ақжар ауылдық округі және өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Жосалы кенті, ІІІ Интернационал ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалды.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №АСК-24/38 қаулысымен бекітілген Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аталған ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 11 сәуірде басталады және 2024 жылғы 23 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2024 жылғы 11 сәуірде басталады және 2024 жылғы 28 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00 де аяқталады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы комиссия төрағасы
Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы төраға орынбасары
Жубаидаев Галымжан Амантаевич комиссия хатшысы
Омаров Жарқын Тұрмаханұлы комиссия мүшесі
Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы комиссия мүшесі
Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы комиссия мүшесі
Абдибекова Индира Жанайдаровна комиссия мүшесі