Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының негіздерінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Жосалы кенті округінің шекарасында Жосалы кенті әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
  2. Қармақшы ауданының Ақжар ауылдық округінің шекарасында Ақжар ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
  3. Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылдық округінің шекарасында ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
  4. Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационалауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Дата публикации
10 апреля 2024