Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына, 113–1-бабы 1–тармағының  1) тармақшасына және 2, 3 –тармақтарына сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Дата публикации
10 апреля 2024