Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген);

2) «Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі                                 № 323 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы»» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 421 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8098 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 апреля 2024