Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1002 "Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасынасәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қармақшы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.