ЖОБА
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы
25 желтоқсандағы №108 «2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 119 912 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 29 258 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 400 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 87 254 мың теңге;
2) шығындар – 123 026 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 113,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 113,6 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 113,6 мың теңге»;
келесі мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
3-2. 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 449,9 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
3-3. 2024 жылға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |