«2024-2026 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №106 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

 

«2024-2026 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №106 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  

         Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №106 «2024-2026 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 577 626,4 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 98 968 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 135 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 000 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 471 523,4 мың теңге;

         2) шығындар – 612 996,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -35370 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 35370 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 35370 мың теңге.»

жаңа мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 4,0 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

4-2. 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 16 902,3 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін

4-3. 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 7 825,8 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін

4-4. 2024 жылға арналған Жосалы кентінің бюджетінде республикалық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;

көрсетілген шешімнің 1, 5 – қосымшалары осы шешімнің 1, 2 – қосымшаласына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

көрсетілген шешім осы шешімнің 3 – қосымшасына сәйкес 6 – қосымшамен толықтырылсын

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
11 марта 2024