Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

  

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы

25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 439 803 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 76 899 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 450 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 361 454 мың теңге;

2) шығындар – 440 855,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 052,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 052,9 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 052,9 мың теңге»;

келесі мазмұндағы 4-1, 4-2 тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 46 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

4-2. 2024 жылға арналған Төретам кентінің бюджетінде республикалық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
11 марта 2024