Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №109 «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

  

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы

25 желтоқсандағы №109 «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №109 «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 78 438 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 14 370 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 63 568 мың теңге;

2) шығындар – 78 438,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,4 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0,4 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,4 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

2-2. 2024 жылға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2-3. 2024 жылға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің 2, 3-қосымшаларына сәйкес 4, 5-қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
06 марта 2024