2024 жылғы 25 ақпанда Қармақшы ауданы, Жосалы ауылдық округі әкімі сайлауы өткізілді.
Жосалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №103 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Жосалы ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 258 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 211 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 5 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 3.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Ержанов Ғалым Серікұлы үшін – 24 дауыс, кандидат Жалғасбай Владимир Жақсылықұлы үшін – 163 дауыс, кандидат Мұратбеков Жеткерген Мұратбекұлы үшін – 16 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 5 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Жалғасбай Владимир Жақсылықұлы Қармақшы ауданы, Жосалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жалғасбай Владимир Жақсылықұлы 1972 жылы туған, ұлты қазақ, «Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Төребай би ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 27 ақпандағы шешімімен 2024 жылғы 25 ақпанда сайланған Жосалы ауылдық округінің әкіміне Жалғасбай Владимир Жақсылықұлын тіркеді.
2024 жылғы 25 ақпанда Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округі әкімі сайлауы өткізілді
Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №104 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Иіркөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 353 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 269 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 15 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 7.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Асылов Марат Мұханғалиұлы үшін – 48 дауыс, кандидат Кенжеғұлов Ғабит Баймұратұлы үшін – 14 дауыс, кандидат Төлегенов Жағыпар Асанұлы үшін – 191 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 9 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Төлегенов Жағыпар Асанұлы Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Төлегенов Жағыпар Асанұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, Иіркөл ауылдық округінің әкімі, Иіркөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 27 ақпандағы шешімімен 2024 жылғы 25 ақпанда сайланған Иіркөл ауылдық округінің әкіміне Төлегенов Жағыпар Асанұлын тіркеді.
2024 жылғы 25 ақпанда Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округі әкімі сайлауы өткізілді
Қармақшы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №101, №102 учаскелік сайлау комиссиясының және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Қармақшы ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 654 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 473 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 19 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 11.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы үшін – 1 дауыс, кандидат Досниязов Азамат Құлтайұлы үшін – 167 дауыс, кандидат Есқараев Аязбек Тайжанұлы үшін – 293 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Есқараев Аязбек Тайжанұлы Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Есқараев Аязбек Тайжанұлы 1978 жылы туған, ұлты қазақ, Қармақшы ауылдық округінің әкімі, Қармақшы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 27 ақпандағы шешімімен 2024 жылғы 25 ақпанда сайланған Қармақшы ауылдық округінің әкіміне Есқараев Аязбек Тайжанұлын тіркеді.