Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

  Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы     25 желтоқсандағы №105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

         Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 13 718 308 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 820 343 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 25 523 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 200 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 11 867 242 мың теңге;

2) шығындар – 13 761 021,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 363 133 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер – 527 956 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 164 823 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 6 190 мың теңге;

         қаржы активтерін сатып алу – 6 190 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -412 036,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –      412 036,7 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 527 956 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 164 823 мың теңге;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 48 903,7 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 12-1, 12-2 тармақтармен толықтырылсын:

«12-1. 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 17 740,3 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.

12-2. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) 0,4 мың теңге нысаналы даму трансферттері облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 февраля 2024