«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына сәйкес Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округі әкіміне кандидат Кенжегулов Габит Баймуратович «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
- Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.