2024 жылғы 30 қаңтар күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы бойынша Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 11 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 2-уі (18,2 %) – саяси партиядан, 9-ы (81,8 %) – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
«AMANAT» партиясы 2 кандидат ұсынды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2024 жылғы 4 ақпан күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы арнайы ақпарат БАҚ жарияланады.