«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 358 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7549 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына іргелес жатқан аумақтарда, қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады»;

17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

1) жаппай жерлеу орындарының іргелес аумақтың шекарасынан - 800 метр;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
19 января 2024