Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №АСК-24/1 қаулысымен Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері шекарасында құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №АСК-24/2 қаулысымен өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалды.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №АСК-24/2 қаулысымен бекітілген Жосалы, Иіркөл және Қармақшы ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аталған ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 18 қаңтарда басталады және 2024 жылғы 31 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2024 жылғы 18 қаңтарда басталады және 2024 жылғы 05 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18-00 де аяқталады.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы Karmakshy_Sailaukom@mail.kz tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы комиссия төрағасы
Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы төраға орынбасары
Жубаидаев Галымжан Амантаевич комиссия хатшысы
Жүсіпәлиев Бақтыбай Аязбекұлы комиссия мүшесі
Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы комиссия мүшесі
Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы комиссия мүшесі
Абдибекова Индира Жанайдаровна комиссия мүшесі