Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8 – 1 тармағына, 113 – 1 бабының  1 – тармағының  1) – тармақшасына және 2 – тармағына сәйкес Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Дата публикации
17 января 2024