«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының негіздерінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының Жосалы ауылдық округінің шекарасында Жосалы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
- Қармақшы ауданының Иіркөл ауылдық округінің шекарасында Иіркөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
- Қармақшы ауданының Қармақшы ауылдық округінің шекарасында Қармақшы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
- Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округі әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.