Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.