Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 – тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын.
«2) 25 қазан - Республика күні;
барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға -3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек берілсін.».
6 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын.
«4) санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін адамға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.