Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 404 169,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 783 382,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 166,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 936,4 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 10 599 683,9 мың теңге;
2) шығындар – 12 881 462,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 190 532 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 336 375 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 145 843 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 6 200 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 6 200 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -674 025,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 674 025,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 336 375 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 145 843 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 483 493,5 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.