2024-2026 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 59 338 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 963 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 57 375 мың теңге;

         2) шығындар – 59 338 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджеттің қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Қуандария ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 57 375 мың теңге мөлшерінде белгіленгені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 ноября 2023