Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №255 «2023-2025 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №255 «2023-2025 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 140 732,6 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 5 337 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 35  мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 146 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 135 214,6 мың теңге;

         2) шығындар – 141 225,3 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 ноября 2023