Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №261 «2023-2025 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №261 «2023-2025 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 108 930,1 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 930,8 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 56 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 404,7 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 106 538,6 мың теңге;

         2) шығындар – 109 009,9 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 ноября 2023