Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 14 тамыз 2019 жылғы №256 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6892 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерінде:
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.