Қармақшы ауданы бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 155,35 шақырымды құрайды. Оның ішінде 148,85 шақырым автожол қара қиыршық тасты болса, 1 шақырым жол қиыршық шағыл тасты, 6,5 шақырым автожол топырақты болып отыр. Аталған жолдар Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кенті мен ауданға қарасты елді мекендерді байланыстырып отыруына байланысты ауданның меншігіне 2005 жылы облыстық маңыздағы автомобиль жолдары тізбесінен алынып, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесіне қосылған.
Сонымен қатар, аудандық маңыздағы «Жалағаш-Жосалы» автомобиль жолы 11,2 шақырымды құраған. Дегенмен, Марал Ишан кесенесіне баратын тиімді автомобиль жолы қайта қарастырылып, жөндеу қажеттілігіне байланысты, аталған жолдың көлеміне өзгеріс енгізіліп, 6,5 шақырымды құрап отыр.
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесіҚазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңына сәйкес «Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісілген.