Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 67 166,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 095 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 66 061,2 мың теңге;
2) шығындар – 67 192,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -26,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 26,2 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 26,2 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 2-1, 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2022 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 6,4 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
2-2. 2023 жылға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.