Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары бекiтілсін.
  2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
31 июля 2023