Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 12 шілде күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы бойынша Алдашбай Ахун ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің  Қармақшы  аудандық филиалы тарапынан 1 кандидат ұсынылса, 2 кандидат  өзін – өзі  ұсыну жолымен ұсынылды.

         Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 17 шілде күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

 

Дата публикации
14 июля 2023