Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №250 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №250 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

         1) кірістер – 979 856,2 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 78 959 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 132 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 898 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 889 867,2 мың теңге;

         2) шығындар – 983 794,3 мың теңге;»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 июля 2023