Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 12 457 910,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 699 965 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 693 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 705 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 10 730 547,4 мың теңге;

2) шығындар – 12 941 403,9 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
11 июля 2023