Ақпараттық хабарлама

          2023 жылғы 10 шілдеге Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалы ұсынған 1 кандидат және  өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2 кандидат Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімі сайлауына құжаттарын тапсырды:

1) Жақанов Ермек Молдабекұлы

2) Махамбетов Жандос Дуйсембекович

3) Мақсутбеков Дәулет Мақсутбекұлы

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2023 жылғы 6 тамызға тағайындалған Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 29 маусымнан 12 шілде (сағат: 18-00 ге дейін) аралығында жүзеге асырылады.

Дата публикации
10 июля 2023