- Қармақшы аудандық бюджеттің 2023 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 4499583,2 мың теңге орнына 4637434,0 мың теңгеге атқарылып, 103,1 % құрады. Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 841673,6 мың теңге болса, нақты атқарылуы 979524,7 мың теңгені, яғни 116,4 % құрады, 137851,1 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 829317,6 мың теңге 963817,4 мың теңгеге, немесе 116,2 % орындалып, 134499,8 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 8204,0 мың теңге 12732,6 мың теңгеге, немесе 155,2% орындалып, 4528,6 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 4152,0 мың теңге 2974,7 мың теңгеге, яғни 71,6 % орындалды, 1177,3 мың теңге жоспардан кем түскен. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 3657909,6 мың теңге болса толығымен 100,0 % алынды.
2023 жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджетінің шығындар жоспары 4664088,0 мың теңге орнына 4577221,7 мың теңгеге атқарылып, 98,1 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 86866,3 мың теңгесі қаржының үнемделуінен игерілмеді.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 338 519,0 мың теңге болса, игерілуі 252 119,0 мың теңге, 74,5 % құрады, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының турғын үй сатып алу» бюджеттік бағдарламасынан 86400,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу веб порталында техникалық ахауға байланысты конкурс қорытындысы шықпауынан игерілмеді.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 971711,8 мың теңге болса, игерілуі 971572,5 мың теңге 100,0 % құрады.
Жергілікті бюджет қаржысы 100,0 % толығымен игерілді.
2023 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
–Аудандық мәслихат аппараты – 99,9 %;
- Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі –100,0 %;
- Экономика және қаржы бөлімі – 100,0 %;
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 88,0 %;
- Ауыл шаруашылығы бөлімі және жер қатынастары бөлімі – 100,0 %;
- Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 100,0 %;
- Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
АХАТ бөлімі –100,0 %;
- Мәдениет және спорт бөлімі –100,0 %;
- Қоғамдық даму бөлімі – 99,9 %;
- Қармақшы ауданы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің (4-ші деңгейлі) 2023 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 907687,8 мың теңге орнына 942897,9 мың теңгеге атқарылып, 104,6 % құрады. Есепті кезеңге кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің өз кірістерінің жоспары 124015,9 мың теңге болса, нақты атқарылуы 135614,9 мың теңгені, яғни 109,4% орындап, 11599,0 мың теңге жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге салықтық түсімдері жоспары 117583,2 мың теңге орнына 121550,0 мың теңгеге атқарылып, яғни 103,4 % орындалды, 3966,8 мың теңге бюджетке артық түсім түсті, салықтық емес түсімдері жоспары 245,0 теңге болса, 432,9 мың теңге орындалып, яғни 187,9 мың тенгеге артық орындалды, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 6187,7 мың теңге 13631,9 мың теңгеге, яғни 2 есе орындалды, 7444,2 мың теңге жоспардан артық түскен. Аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 732448,7 мың теңге толығымен 100,0 пайызға түсті.
2023 жылдың 1 шілдесіне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспары 874504,5 мың теңге орнына 874077,3 мың теңгеге атқарылып, 100,0 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 427,2 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
2023 жылдың 1 шілдесіне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
- Жосалы кенті әкімінің аппараты –99,9%;
- Төретам кенті әкімінің аппараты – 99,9%;
- Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
- ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты –99,9%;
- Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –99,8%;
- Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
- Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9 %;
- Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
- Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0 %;
- Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- 3. Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2023 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 4674822,3 мың теңге орнына 4847883,2 мың теңгеге атқарылып, 103,7 % құрады.
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 965689,5 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1115139,6 мың теңгені, яғни 115,5 % құрады, 149450,1 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 946900,8 мың теңге 1085367,4 мың теңгеге, немесе 114,6 % орындалып, 138466,6 мың теңге артық түсті, салықтық емес түсімдері жоспары 8449,0 мың теңге 13165,6 мың теңгеге, немесе 155,8 % орындалып, 4716,6 мың теңге артық түсті, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 10339,7 мың теңге 16606,6 мың теңгеге, яғни 160,6 % орындалып 6266,9 мың теңге жоспардан артық түсті. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 2678698,5 мың теңге болса, толығымен түсіп 100,0% алынды.
Аудан бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне жалпы шығындар жоспары 4 749 288,6 мың теңге 4 661 995,1 мың теңгеге (98,2%) атқарылып, 87293,5 мың теңге игерілмеді.