Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 259 «2023-2025 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №259 «2023-2025 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 90 157,5 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2 848 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 3 018 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 619 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 83 672,5 мың теңге;

         2) шығындар – 90 683,1 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
05 июля 2023