Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №254 «2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №254 «2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 123 580,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 270 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 133 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 119 151,4 мың теңге;

2) шығындар – 123 951,5 мың теңге»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес

 жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 июля 2023