Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №258 «2023-2025 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №258 «2023-2025 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 79 294,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 500 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 281 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 75 513,6 мың теңге;

2) шығындар – 79 922,8 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
01 июля 2023