Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №261 «2023-2025 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №261 «2023-2025 жылдарға арналған Қуандария ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 97 492,8 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 772 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 56 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 414,7 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 95 250,1 мың теңге;

         2) шығындар – 97 572,6 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
29 июня 2023