Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №263 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы

21 желтоқсандағы №263 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №263 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 75 343,4 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 040 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 168 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 74 125,4 мың теңге;

         2) шығындар – 75 432,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -88,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        88,7 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 88,7 мың теңге».

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
14 июня 2023