2023 жылғы 16 сәуірде өткізілген Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113 – 5 бабының 2 – тармағына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 сәуірдегі Ақтөбе  ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы хаттамасының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы бойынша әкім болып сайланған кандидатқа және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттарға сайлау жарнасы қайтарылсын.
  2. Осы қаулының орындалуы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының сарапшысы Ж.О.Ниетбаеваға және келісім бойынша Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне (Ә.Қуанышов) жүктелсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Дата публикации
19 апреля 2023