Ақтөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2023 жылғы 21 наурыз күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы бойынша Ақтөбе ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, 3-уі де өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 26 наурыз күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

Дата публикации
17 апреля 2023