2023 жылғы 16 сәуірде өткізілген Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2023 жылғы 16 сәуірде өткізілген Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №107 учаскелік сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Әбдіғаппараұлы Қанат Ақтөбе ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2023 жылғы 16 сәуірде өткізілген Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Дата публикации
17 апреля 2023