2023 жылғы 16 сәуірге тағайындалған Ақтөбе ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және  Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 08 наурыздағы №АСК-22/79 «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы»  қаулысын негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 10 қол санында белгіленсін.

2.Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.

  1. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналасырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                                                              М.Наятұлы

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                                                            О. Бодыбаев

 

 

№АСК-22/89

23.03.2023 жыл

Дата публикации
15 апреля 2023