«Қармақшы ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 673 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. « Қармақшы ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 673 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. 2. « Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қармақшы ауданының

      әкімі                                                                                                                                                                      Ж.Еркінбек

Дата публикации
12 апреля 2023