Қармақшы ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін тағайындау туралы

Қармақшы ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін тағайындау туралы

 

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық  заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 14 қазандағы №196 хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қармақшы ауданының №1 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Әлиев Рақымжан Қолқанатұлы тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының №5 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Кабиев Адил Жумабекович тағайындалсын.
  3. Қармақшы ауданының №13 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Кульмагамбетова Динара Борибековна тағайындалсын.
  4. Қармақшы ауданының №99 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Айсауытова Үміткүл Қасымқызы, Акилбекова Гаухар Кожантаевна, Өміртаев Дәуіржан Өмірбекұлы тағайындалсын.
  5. Қармақшы ауданының №125 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Кайыпназарова Нургуль Жарасовна тағайындалсын.
  6. Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №1, №5, №13 округтік сайлау комиссияларына, №99, №125 учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

Төраға

Р. Ефенов

 

Хатшы

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

14 қазан 2026 жыл

№АСК-26/265

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 октября 2026