Қармақшы ауданы бойынша Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қармақшы ауданы бойынша

 Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

« Қармақшы  ауданы әкімінің аппараты» КММ

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Жою механизмі

Мерзімі

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына

сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша түскен өтініштер «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ-сі арқылы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне түседі.

                «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметінің 4 кіші түрі бар. Қызмет қағидасына сәйкес, қызмет нәтижесі (куәлік) қызмет алушыны мекемеге шақырту арқылы қолма қол беріледі. Бұл өз кезегінде қызмет алушы мен қызмет берушіні тікелей қарым қатынасқа келтіріп сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне итермелеуі мүмкін.

Аталған мәселеге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қызмет алушы мен қызмет берушінің бір бірін көрмеу мақсатында қызмет нәтижесін  жергілікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілу туралы қызмет қағидасына өзгеріс енгізу қажет.

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ

2

«Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда №36280 болып тіркелген.

Бөлім тарапынан «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде жоғары аталған НҚА бекітілген қағидаларға сәйкес жергілікті кәсіпкерлерге микрокредиттер беру іске асырылды.

Бұйрықтың 10-тармағында «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары» белгіленген. 2)-тармақшада «жұмыс орындарын құру» көрсетілген.

«Жұмыс орындарын құру» – жобаны бағалау/іріктеу кезінде ескерілетін көрсеткіш, бірақ қазіргі №53 бұйрықта оны кредит алғаннан кейін нақты қай мерзімде құру керектігі белгіленбеген.

Тәуекел: Қағидаларда микрокредит алған қарыз алушының бизнес-жоба шеңберінде көзделген жаңа жұмыс орындарын құру мерзімі нақты белгіленбеген.

Салдары: жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау кезінде құқықтық анықсыздық туындайды және мониторинг жүргізу барысында субъективті шешім қабылдау тәуекелі пайда болады.

 «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №53 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда №36280 болып тіркелген.)

Бұйрықтың 10-тармағындағы микрокредит алған күннен бастап жаңа жұмыс орындарын құрудың нақты мерзімін белгілеу.

 

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі» КММ

3

     Мемлекеттік мүлікті тендер арқылы жалға беру кезінде қатысушыларды тендерге жіберу рәсімі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы            17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) зерделенді.

     Талдау барысында тендерге қатысушылардың өтінімдері мен оларға қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау кезінде шешім қабылдау рәсімдерін нақты регламенттеу қажеттілігі анықталды.

     Қатысушының тендерге жіберілуі немесе жіберілмеуі кезінде шешім қабылдаудың нақты және біркелкі өлшемшарттарының жеткілікті деңгейде регламенттелмеуі лауазымды тұлғалардың субъективті шешім қабылдауына жағдай жасауы мүмкін.

    Осыған байланысты, тендерге қатысушыларды жіберу мәселесі бойынша шешім қабылдау тәртібін нақтылау және шешімнің негіздерін құжатпен рәсімдеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы            17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына тендерге қатысушыларды тендерге жіберу немесе жібермеу туралы шешімді тендерлік комиссияның алқалы түрде қабылдауын және мұндай шешімнің негіздерін көрсетуін көздейтін өзгерістер енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс енгізу.

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі» КММ

4

    Бөлімде мкмлекеттік қызметшілерді ікіктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілді

   Бөлімге қрасты мекеме Қармақшы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры және мамандары азаматтық қызметшілер болып табылды.

   «азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес асырылады» - деп көрсетілген. Соған сәйкес, орталықтың директоры Қармақшы ауданының қоғамдық даму бөлімі басшысының бұйрығымен тағайындалады.

   Аталған заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтималдығы бар.

   Сондықтан, конкурс тәрттібімен жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мүмкіндігі бар.

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне азаматтық қызметшілерді жұмысқа тағайындау тәртібімен емес конкурс бойынша қабылдау жөнінде ұсыным хат жолдау

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

5

    Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша 95 мүгедектігі бар балалар үйден оқиды. Оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша 38 бала.

    «Қармақшы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспарлары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №137 шешіміне сәйкес әр мүгедектігі бар балаға ай сайын 3 АЕК – 11796 теңге әлеуметтік көмек төленеді.

Алайда, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы кейбір отбасылардың балалары Ресей Федерациясының медициналық-әлеуметтік сараптама Бюросымен (бұдан әрі – РФ МӘС Бюросы) мүгедектік санатын алған. РФ МӘС Бюросы арқылы мүгедек санатын алған балалар «Мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу» қызметі бойынша төленетін әлеуметтік көмекке өтінішпен жүгіне алмай отыр.

     Себебі, РФ МӘС Бюросы мүгедектік мәртебесін беріп, Ресей Федерациясының ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік корпорацияның «ИИС ЦОН» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде және электронды үкімет веб-порталда ықпалдастық орнатылмаған.

Тиісінше, қызмет беруші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс болуына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін..

Байқоңыр қаласының ерекше мәртебесіне байланысты Қызмет қағидасына мемлекеттік органмен өтініш қабылдау туралы өзгеріс енгізу немесе электронды үкімет порталына қосымша тетік енгізу.

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ

6

Мәдениет ұйымдары ақылы қызметті орындау барысында көрермендер залын, музыкалық жабдықтарды жалға беру Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізуде.

                                                                                                                             

Яғни бұл келісім жалға алушы мен жалға беруші арасында келісім шартқа отырған кезде жүзбе-жүз байланыс болып, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болу мүмкіндігінің жоғарлататынына әкеледі.

 

Сол себепті аталған қызмет түрін мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне енгізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында электронды түрде жүргізу бойынша ұсыныс енгізу қажет.

Мәдениет ұйымдары бойынша көрермендер залын, музыкалық жабдықтарды электронды келісім-шарт арқылы жүзеге асыру туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс енгізу.

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ

7

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына қызметті көрсетуші ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын белгілеу туралы өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс беру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларының» 5-тармағында «жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерлерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді делінген.

Алайда, көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Аталған құжаттарды сұрату артық құжат талап ету ретінде қарастырылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызуы мүмкін.

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларының» 5-ші тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді делінген талабына сәйкес, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның аталған ақпараттық жүйеге қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау;

2026 жылдың

соңына дейін

« Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» КММ

8

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, және «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №9-өкімімен аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмыс тобы жұмыс жасауда.

Осы спорттық үйірмелерге қатысуға түсетін ұсыныстарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы электронды түрде жүргізілсе, яғни өтініш беруші мен өтініш қабылдаушы мекеме қызметкері арасында жүзбе-жүз байланыс болып, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болу ықтималдығын жоғарылатады.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен ҚР Туризм және спорт министрлігіне ұсыныс енгізу.

2026 жылдың

соңына дейін

 

Дата публикации
13 октября 2026