Аудан бойынша аудан бюджетінің 2026 жылдың 1 қазанына атқарылуы.
Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2026 жылдың 1 қазанына түсімдер болжамы 6 721 635,7 мың теңге орнына 6 853 278,2 мың теңгеге атқарылып, 102,0 % құрады.
Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 2 203 251,8 мың теңге болса, нақты атқарылуы, 2 336 003,9 мың теңгені, яғни 106,0 % құрады, 131 752,1 мың теңгеге жергілікті бюджет жоспары артық орындалды.
Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 2 010 352,8 мың теңге 2 089 368,7 мың теңгеге, немесе 103,9 % орындалып, 78 015,9 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 70 668,7 мың теңге 100 022,2 мың теңгеге, немесе 141,5 % орындалып, 29 353,5 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 122 230,3 мың теңге 146 613,0 мың теңгеге, яғни 119,9 орындалды, 24 382,7 мың теңге жоспардан артық түскен.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 4 518 383,9 мың теңге болса 4 517 274,3 мың теңгесі түсті, 1 109,6 мың теңге үнемделген қаржы түспеді.
Аудан бойынша 2026 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің шығындар жоспары 7 805 797,2 мың теңге болса 7 803 809,3 мың теңгеге атқарылып, 100,0% құрап 1 987,9 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер толығымен 100 % игерілді.
Облыстық бюджеттен 1111,3 мың теңге, оның ішінде 1109,6 мың теңге Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаржыдан мердігер қосымша құн салығы төлеуші ретінде тіркелмеуінен үнемделген қаржы.
Жергілікті бюджеттен 876,6 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржы.
–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі –100,0 %;
АХАТ бөлімі –100,0 %;