Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
- «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
-«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
- «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»
- «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағанбет ауылын Әзірлеу және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)» жобасына СЭБ жөніндегі есеп.
- Бас жоспарын әзірлеу жобасы;
- Жобаның графикалық альбомы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Сантех - Строй Проект» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Қармақшы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
СЭБ әзірлеуге жауапты: Қармақшы ауданының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2030-2040 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 14 қазанына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 14 қазан).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=kz
Қармақшы ауданының әкімдігі сайтында