Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері мен оған көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше белгі соғуына арналған трафареті және дауыс беруге шақыру қағаздары туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 7) тармақшасына, 33-бабының 2-2-тармағына, 37-бабының 1-, 2-, 3-тармақтарына, 38-бабының 2-тармағына, 39-бабының 1-1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысын басшылыққа алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 маусымдағы №188 хаттамасының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдер) саны сайлау округіндегі тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервін қоса, 756 (жеті жүз елу алты) дананы құрайтын болып белгіленсін және сайлау бюллетенінің мәтіні осы шешімнің 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысына 1-қосымшасына сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
  3. Қажетті көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше сайлау бюллетеніне белгі соғуына арналған трафарет (бұдан әрі - трафарет) саны 1 (бір) болып белгіленсін.
  4. Дауыс беруге шақыру қағаздарының саны 749 (жеті жүз қырық тоғыз) болып белгіленсін және дауыс беруге шақыру қағазының мәтіні осы шешімнің 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  5. Сайлау бюллетеньдерін және көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше белгі соғуына арналған оған трафареттерді, дауыс беруге шақыру қағаздарын белгіленген мөлшерде басып шығару тиісті келісім шарт арқылы жеке кәсіпкер «Қызылорда-Қанағаты» тапсырылсын.

                                    

Сайлау комиссиясының төрағасы      ___________  Р. Ефенов

                                                 

МО

Сайлау комиссиясы төрағасының

орынбасары                                            ___________  А. Байсынов

 

Сайлау комиссиясының хатшысы      ___________  Г. Жубаидаев

 

Сайлау комиссиясының мүшелері:    

 

___________  Ж. Омаров                      ___________  Ғ. Ұзақбаев

 

___________  Т. Әбенова                       ___________  Г. Кенжегулов

 

Жосалы кенті

26 маусым 2026 жыл

№71

Дата публикации
26 июня 2026