2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.

Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 1 кандидат өзінің өтініші бойынша кандидаттығын алып тастады. Ағымдағы жылдың 21 маусым күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша 4 кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.                

КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ:

  1. Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы – 1984 жылы туған. Ұлты қазақ. Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  2. Еркебаев Ерлан Мырзабекович – 1984 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі. Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы – 1974 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері. Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Дата публикации
21 июня 2026